<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Жанат Кусаинова</author>
<lyrics>[V1]
 Бауырым бет бұрайық Құдайға,
 Бауырым бірге өмір бастаған.
 Бауырым жастай күліп ойнаған,
 Бауырым жастық кезде бір болған.

[C1]
   Құдіретті Құдай бар,
   Құтқаратын Құдай бар.
   Оның Аты Киелі,
   Оның Аты құтқарады.

[C2]
   // Құдайсыз адам қасірет шегеді,
   Құдайсыз адам аброй төгеді.
   Құдайсыз адам жалғыз боп келеді,
   Құдайсыз өлім көреді. //

[V2]
 Бауырым өмір беретін Құдай,
 Бауырым Иса арқылы саған.
 Бауырым басқа бір де бір адам,
 Бауырым сені құтқара алмайды.

[C3]
   Келіп таяп келеді Ол,
   Жер жүзін Құтқарады Ием.
   Тез тізе бүгіп біз Оған,
   Жүректен орын берейік.</lyrics>
<title>Бауырым бет бұрайық</title>
</song>